Құрметті клиент!
2024 жылғы 14 қарашада «Freedom Finance Global PLC» (Компания) Қоғамдық компаниясының бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызметтерін көрсету регламентіне (Регламентке) өзгерістер күшіне енеді. Негізгі өзгерістер шетелдік банктерге KZT, RUB және шетел валютасында ақша қаражатын шығаруүшін комиссияларды өзгертумен оңтайландыруға қатысты, сондай-ақ бағалы қағаздарды сақтау орнын өзгерту үшін комиссиялар бөлігінде де өзгерістер енгізілді. Бұған қоса, 01.01.2025-тен бастап АҚШ-тың ағымдағы жылға салық ұсталуын түзетуге өтінімдерді өңдеу үшін төлем енгізіледі.
Жаңартылған құжаттар Компанияның https://ffin.global/kzинтернет-сайтында қол жетімді.
Жаңа редакцияда бірнеше негізгі өзгерістер бар:
1. Регламенттің 3-қосымшасының 4.5.2- тармағындағы «USD немесе EUR» деген сөздері шетел валютасы тізбесінің кеңеюіне байланысты «Шетел валютасында» дегенмен алмастырылды;
2. Регламентке 3-қосымшаға «4.3. Бағалы қағаздарды сақтау орнын өзгерту» тармағы енгізілді, сондай ақ келесі мазмұндағы 4.3.2 жаңа тармақшамен толықтырылды:
• «4.3.2. Клиенттің бастамасы бойынша бағалы қағаздарды сақтау орнын ITS сату алаңына өзгерту (Freedom Finance Global PLC-тен бағалы қағаздарды аудармастан)». Тариф «АҚШ 0 доллары (алынбайды)».
• 3-қосымшаның 4.3.1-тармағы «4.3.2-тармақпен көзделген жағдайларды қоспағанда» сөздерімен толықтырылды;
3. Регламенттің 3-қосымшасына 01.01.2025-тен бастап күшіне енетін, келесі мазмұндағы 6 және 6.1 жаңа тармақтар енгізілді:
«6. Салықтар, 6.1. Ағымдағы жылда АҚШ салықтарын ұстаудың түзетулеріне өтінімдерді өңдеу АҚШ-тағы клиенттің салық мәртебесі туралы құжаттаманы тексерген жағдайда ғана, тек шоттардың тікелей ұстаушылары үшін қолжетімді. Тариф «Бір өтінімді қарау үшін 150 АҚШ доллары.»
Сұрақтарыңыз туындаған жағдайда дербес менеджерге немесе 7555 телефонына (ұялы телефоннан) хабарласыңыз. Шет елден хабарласу үшін нөмір: +7 7172 67 77 55
Құрметпен,
Freedom Finance Global PLC жария компаниясы