Freedom Finance Global PLC компаниясы құжат айналымын оңтайландыру және көрсетілген қызметтердің/жұмыстардың нәтижелерін беру мен қабылдаудың уақтылығын қамтамасыз ету мақсатында 01.11.2022 жылдан бастап электрондық шот - фактуралардың ақпараттық жүйесін (бұдан әрі мәтін бойынша-ЭШФ АЖ) пайдалану арқылы орындалған жұмыстардың электрондық актілерін (бұдан әрі мәтін бойынша - ЭШФ АЖ) жазып беруге көшеді. Осы ресурста сіз жауапты қызметкердің электрондық цифрлық қолтаңбасымен өз бетіңізше қол қоя аласыз және қоғам қол қойған орындалған жұмыстар актісінің түпнұсқасын жүктей аласыз. Бұл құжат жарамды болып саналады және толық көлемде қызмет көрсету фактісін растайды. ЭӘК-мен жұмыс істеудің басты шарты оның ЭШФ АЖ жүйесінде уақтылы расталуы болып табылады.