Freedom Finance Global компаниясы CITIX Ltd. облигацияларын орналастырды

Freedom Finance Global Өзгертілді 4.04.2024, 15:03

2024 жылғы 4 сәуір, Алматы.

Freedom Finance Global компаниясы Astana International Exchange (AIX) биржасында CITIX Ltd компаниясының өтеуге кірістілігі жылдық 11% болатын 20 млн АҚШ долларлық облигацияларын орналастырды.

CITIX Ltd. компаниясы AdTech және Smart City салаларының түйіскен жерінде кешенді зияткерлік шешімдерді әзірлеуші болып табылады. Компания қаладағы инфрақұрылымды жақсарту бойынша инновациялық өнімдер жасайды және Қазақстанның цифрлық сыртқы жарнама нарығында көшбасшы болып табылады. CITIX Ltd. компаниясының смартбордтар желісі патенттелген меншікті EYWA бағдарламалық жасақтаманың басқаруында орналасқан.

100 млн АҚШ долларына арналған облигациялық бағдарлама шеңберінде шығарылған облигациялар AIX-тің ресми тізіміне CITIX1.0326 сауда кодымен енгізілді. Шығарылымның жалпы көлемі 20 млн АҚШ долларын құрайды, купондық сыйақы мөлшерлемесі тоқсан сайынғы төлем мерзімділігімен жылдық 11%-ды құрайды.

Облигациялар шығарылымының бүкіл көлемі кезекті рет болашағы бар жергілікті эмитенттердің шетел валютасындағы жоғары кірісті облигацияларына деген үлкен қызығушылық танытқан Freedom Broker компаниясы 500-ден астам бөлшек сауда клиентінің арасында орналастырылғанын атап өткен жөн.

Бөлшек инвесторлардың портреті өзгермеген деуге болады. Салымшылардың гендерлік бөлінісі сақталады: әйелдердің үлесі бұрынғысынша 35%-ды, ерлер 65%-ды құрайды.

35-54 жас аралығындағы адамдар ирвесторлардың ең көп санын, яғни 58%-ды құрайды. Құрылымда екінші орында - 55 жастан асқан инвесторлар, олардың үлесі 33%-ды құрады. Үшінші топтың клиенттері 19-дан 34 жасқа дейінгі инвесторлар, яғни жалпы санының 9%-ын құрады.

Бұл CITIX Ltd. компаниясының екінші шығарылымы - 2023 жылы AIX-те CITIX.0625 тикері бар және көлемі 10 млн АҚШ доллары болатын облигациялардың дебюттік шығарылымы Freedom Broker компаниясының клиенттеріне толық орналастырылды.

Облигацияларды орналастырудан тартылған ақша қаражатын CITIX Ltd. компаниясы Түркия мен БАӘ-дегі бизнесті кеңейтуге жібереді.

Анықтамалық ақпарат:


Freedom Finance Global - бөлшек инвесторларға қызмет көрсетуге маманданған жаңа мүмкіндіктері бар брокер . Компания АХҚО-да тіркелген, AFSA лицензиясы бар және қызметін ағылшын құқығының элементтерімен жүзеге асырады. Freedom Finance Global компаниясы клиенттерінің халықаралық қаржы нарықтарындағы (NYSE/NASDAQ, London Stock Exchange, HKEX, Frankfurt Stock Exchange), KASE-дегі және AIX-тегі биржалық операцияларға, сондай-ақ холдингтің ең танымал және сұранысы жоғары қызметі - бастапқы орналастыруға қатысуға тікелей шығуға мүмкіндіктері бар.


Компаниялар Freedom Holding Corp халықаралық инвестициялық тобына кіреді. Холдингтің акциялары Nasdaq Capital Market-те (2019 жылғы 15 қазаннан бастап) FRHC тикерімен орналастырылған. Оның қызметін Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссия (SEC, АҚШ) реттейді.


CITIX Ltd. компаниясы блокчейн технологиясын және бірегей патенттелген бағдарламалық жасақтаманы пайдалана отырып, электрондық смартбордта жарнаманы орналастырады. CITIX Ltd. құрылған сәттен бастап Қазақстанда 110-нан астам смартборд орнатты, ал клиенттердің арасында Coca-Cola, Apple және Samsung сияқты брендтер бар.


БАҚ үшін байланыс деректері:

Рамина Фахрутдинова - «Фридом Финанс» АҚ Директорлар кеңесі төрағасының PR жөніндегі кеңесшісі

E-mail: [email protected]

История изменений

Freedom Finance Global Өзгертілді 10.07.2024, 16:47
Компания Регламентін Жаңарту

Freedom Finance Global Өзгертілді 21.06.2024, 14:33
«Тариф Start» науқанын жалғастырамыз

Freedom Finance Global Өзгертілді 17.06.2024, 18:08
Компания Регламентін жаңарту

Freedom Finance Global Өзгертілді 14.06.2024, 17:40
Freedom Holding Corp. компаниясы түсімді 2 есеге ұлғайтты

Freedom Finance Global Өзгертілді 20.05.2024, 14:06
Freedom Broker қаржылық қорытындыларды шығарады

Freedom Finance Global Өзгертілді 10.04.2024, 12:32
Компанияның Регламентін жаңарту

Freedom Finance Global Өзгертілді 26.02.2024, 17:49
Компания Регламентін жаңарту

Freedom Finance Global Өзгертілді 23.01.2024, 15:04
Компания Регламентін жаңарту

Freedom Finance Global Өзгертілді 29.12.2023, 14:50
Компанияның Регламентін жаңарту

Freedom Finance Global Өзгертілді 15.12.2023, 18:39
Компанияның Регламентін жаңарту

Freedom Finance Global Өзгертілді 5.12.2023, 17:25
Қалалық телефон нөмірі өзгерді

Freedom Finance Global Өзгертілді 1.12.2023, 18:29
Қоғам Регламентін жаңарту

Freedom Finance Global Өзгертілді 17.11.2023, 21:59
Компания Регламентін жаңарту

Freedom Finance Global Өзгертілді 3.11.2023, 09:00
ITS сауда алаңына тестілік қолжетімділікті тоқтату

Freedom Finance Global Өзгертілді 11.10.2023, 16:20
E-шоттарға қызмет көрсетуге комиссия

Freedom Finance Global Өзгертілді 10.10.2023, 15:18
Freedom Broker Kazakhstan тоқсандық қорытындылары

Freedom Finance Global Өзгертілді 29.09.2023, 19:42
Компания Регламентінің жаңартылуы

Freedom Finance Global Өзгертілді 2.08.2023, 17:54
Компания Регламентін жаңарту

Freedom Finance Global Өзгертілді 7.06.2023, 15:23
Freedom Finance Global PLC CITIX Ltd облигацияларын орналастырды.

Freedom Finance Global Өзгертілді 6.06.2023, 12:10
Компанияның Регламентінің жаңартылуы

Freedom Finance Global Өзгертілді 25.05.2023, 17:13
Компанияның Регламентінің жаңартылуы

Freedom Finance Global Өзгертілді 14.02.2023, 17:30
Компанияның Регламентінің жаңартылуы

Freedom Finance Global Өзгертілді 13.01.2023, 15:30
Freedom Broker: 2022 жылдың қорытындысы

Freedom Finance Global Өзгертілді 19.12.2022, 16:34
IPO of KazMunayGas: update of the terms of the participation

Freedom Finance Global Өзгертілді 15.12.2022, 15:34
Компания Ережелерінің жаңартулары

Freedom Finance Global Өзгертілді 6.12.2022, 16:44
SONDORS IPO-на қатысу Ережелері (NASDAQ: SODR)

Freedom Finance Global Өзгертілді 27.10.2022, 16:30
КҚЖ бойынша электрондық құжат айналымына көшу

Freedom Finance Global Өзгертілді 17.10.2022, 14:22
21.10.2022 бастап регламентке өзгерістер

Freedom Finance Global Өзгертілді 22.08.2022, 12:30
Ережеге өзгерістер 28.08.2022 ж

Freedom Finance Global Өзгертілді 14.05.2022, 16:15
Ережеге 12.05.2022 жылдан бастап өзгертулер

Freedom Finance Global Өзгертілді 20.04.2022, 14:30
Ережеге 20.04.2022 жылдан бастап өзгертулер