2025 жылғы 7 ақпан, Алматы
Кірістің өткен жылмен салыстырғанда $236,6 млн-ға (+ 57%) өсуі мынадай факторларға байланысты болды:
• Сақтандыру андеррайтингінен түсетін кіріс негізінен зейнетақы аннуитеті және жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша шарттардың көбеюі есебінен $79 млн-нан $177,5 млн-ға дейін (+ 125%) ұлғайды.
• Сауда бағалы қағаздары бойынша таза пайда Қазақстанның егеменді облигацияларын сату есебінен $5,1 млн таза шығыннан $89,6 млн (+ 1 860%) таза пайдаға дейін ұлғайды. Сондай-ақ бағалы қағаздар бойынша позициялар құнының ұлғаюына байланысты сол кезеңде $74,6 млн мөлшерінде іске асырылмаған таза пайда танылды.
• Туынды қаржы құралдарынан түскен таза пайда $42,6 млн таза шығыннан $11,9 млн (+ 128%) таза пайдаға дейін ұлғайды. Бұл негізінен 2024 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған үш айдағы валюта своптарының оң қайта бағалануына байланысты өткен жылы $41,8 млн мөлшеріндегі таза шығынмен салыстырғанда $10,6 млн мөлшерінде таза пайда тапқан Freedom Bank нәтижелерімен байланысты.
• Комиссиялық кіріс негізінен бөлшек брокерлік клиенттері санының артуы есебінен $120,2 млн-нан $143,4 млн-ға дейін (+ 19%) көбейді.
Холдингтің шығыстары $249,9 млн-ға (+ 81%) өсті. Мұндай динамика мынадай факторларға негізделген:
• Қайта сақтандыруды шегергендегі келтірілген сақтандыру өтемдерінің көлемі $63,5 млн-ға (+ 155%) ұлғайды. Бұл өсім бірінші кезекте екі тоқсан арасындағы кезеңде сақтандыру операцияларының кеңеюіне байланысты болды.
• Комиссиялық шығыстар негізінен өмірді сақтандыру бойынша бизнес шеңберінде агенттік сыйақы шығыстарының ұлғаюына байланысты $51,1 млн-ға (+ 119%) ұлғайды.
• Жалпы және әкімшілік шығындар қайырымдылық пен демеушілікті қамтитын $41,3 млн-ға (+ 129%) ұлғайды.
• Күтілетін кредиттік шығындарға арналған резерв $34,1 млн-ға (968%) ұлғайды, бұл негізінен банк клиенттерінің қамтамасыз етілмеген кредиттері бойынша резервтердің және сатып алынған бөлшек кредиттер бойынша талап ету құқығының ұлғаюына байланысты, бұл есепті күнге дейін валютаның құнсыздануына байланысты болжамды ақпаратты бағалаудың өзгеруінен туындады.
• Холдингке кіретін компаниялардағы қызметкерлер санының өсуі себебінен есепті кезеңде жалақы мен сыйлықақы $32,3 млн-ға (+ 72%) ұлғайды.
Freedom Holding Corp. таза пайдасы $78,1 млн құрады. 59,4 млн дана акциялардың базалық орташа өлшемді санына сүйене отырып есептелген холдинг акциясының пайдасы - $1,32. Холдингтің 60,5 млн дана көбейтілген орташа өлшемді акциялар санынан есептелген акциясының пайдасы - $1,29.
Холдингтің активтері $8,302 млрд-тан $9,135 млрд-қа дейін өсті (+ 10%). Міндеттемелер $7,135 млрд-тан $7,872 млрд-қа дейін (+ 10,3%) көтерілді.
Холдингтің брокерлік клиенттік шоттарының саны 2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 618 мыңды құрады, бұл алдыңғы тоқсанға қарағанда 63 мыңға артық.
Анықтама
2025 фискалдық жылдың үшінші тоқсаны компания үшін 2024 жылдың 31 желтоқсанында аяқталды.
Есептілік валютасын қайта есептеуге байланысты резервтің өзгеруі.
Холдингтің өзге жиынтық кірісіне/шығыстарына шоғырландыру кезінде еншілес компаниялардың функционалдық валюталарында көрсетілген қаржылық есептілік көрсеткіштерін қайта есептеу нәтижесінде туындайтын есептілік валютасының резервін қайта есептеу бойынша кірістер мен шығыстар енгізілген. Резервті есептеу кезінде активтер мен міндеттемелер баптары есепті күнгі бағам бойынша қайта есептеледі, кірістер мен шығыстар баптары есепті кезеңдегі орташа бағам бойынша қайта есептеледі. Резервтің оң өзгеруі еншілес компаниялардың холдинг есеп беретін валютаға қатысты функционалдық валюталарының бағамының төмендеуі нәтижесінде туындайды.
Компания туралы
Freedom Holding Corp. брокерлік қызметпен, бағалы қағаздар саудасымен, инвестициялық зерттеулер мен консультациялармен, инвестициялық-банктік және андеррайтингтік қызметтермен, ипотекамен, сақтандырумен, телекоммуникациялармен, авиабилеттер мен мәдени және спорттық іс-шараларға билеттерді онлайн-сатумен айналысатын қаржылық қызметтерді ұсынатын әртараптандырылған компания болып табылады. Freedom Holding Corp. еншілес компанияларын ескере отырып, 8,2 мыңнан астам қызметкері бар. Холдингтің бөлімшелері мен еншілес компаниялары Қазақстан, АҚШ, Кипр, Польша, Испания, Өзбекстан, Әзірбайжан және басқа да елдерді қосқанда 22 елде орналасқан. Freedom Holding Corp. қарапайым акциялары АҚШ Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясында тіркелген және Nasdaq Capital Market-тегі FRHC тикерімен саудаланады.
БАҚ контактілері
Рамина Фахрутдинова – «Фридом Финанс» АҚ Директорлар кеңесі төрағасының PR жөніндегі кеңесшісі
E-mail: [email protected]
www.freedomholdingcorp.com.