Құрметті клиент!
2024 жылғы 1 тамыздан бастап «Freedom Finance Global PLC» жария компаниясының (Компания) бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызметтерді көрсету регламентіне 6-қосымшаға енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Негізгі өзгерістер қазақстандық теңге (KZT) валютасындағы «овернайт» РЕПО операциялары бойынша табыстылық мөлшерлемесін жылдық 13,7%-ға дейін арттырумен және бағалы қағаздарды сақтау орнын ITS сауда алаңына ауыстырғаны үшін комиссияны алып тастаумен байланысты.
Жаңартылған құжаттар Компанияның https://ffin.global/kz интернет-сайтында қол жетімді.
Сұрақтарыңыз туындаған жағдайда дербес менеджерге немесе 7555 телефонына (ұялы телефоннан) хабарласыңыз. Шет елден хабарласу үшін нөмір: +7 7172 67 77 55
Құрметпен,
Freedom Finance Global PLC жария компаниясы