Freedom Broker 2024 жылғы ІІ тоқсанның қорытындысын шығарды

Freedom Finance Global Өзгертілді 20.08.2024, 16:51

2024 жылғы 20 тамыз, Алматы

Freedom Broker клиенттер шотының жалпы саны 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 279,8 мың шотты құрады, жыл басынан бері бағалы қағаздармен 8,1 млн-нан астам мәміле жасалды.

Freedom Broker клиенттері жүзеге асырған мәмілелер негізінде 2024 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша үздік 5 акция: 

Мәмілелер саны бойынша

Қазақстандық бағалы қағаздар

Америкалық бағалы қағаздар

1

«Қазақстан Халық банкі» АҚ (HSBK)

1

Marathon Digital Holdings (MARA)

2

«Эйр Астана» АҚ (AIRA)

2

Tesla (TSLA)

3

«КазТрансОйл» АҚ (KZTO)

3

Freedom Holding Corp. (FRHC)

4

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (KMGZ)

4

Nvidia (NVDA)

5

«Банк ЦентрКредит» АҚ (CCBN)

5

Coinbase Global (COIN)

Мәміленің сомасы бойынша

Қазақстандық бағалы қағаздар

Америкалық бағалы қағаздар

1

«Эйр Астана» АҚ (AIRA)

1

Nvidia (NVDA)

2

«Қазақстан Халық банкі» АҚ (HSBK)

2

Alibaba Group Holdings (BABA)

3

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (KZAP)

3

AT&T (T)

4

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (KMGZ)

4

Tesla (TSLA)

5

«Кселл» АҚ (KCEL)

5

Coinbase Global (COIN)

 

2024 жылғы маусымда S&P Global Ratings халықаралық агенттігі «Фридом Финанс» және «Freedom Finance Global» АҚ-тың рейтингтері бойынша болжамдарды «терістен» «оңға» өзгертті және «B/B» деңгейіндегі ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингтерді растады. Ұлттық шкала бойынша «Фридом Финанс» АҚ-тың рейтингтері «kzBBB-»-ке дейін көтерілді.

«Фридом Финанс» АҚ-тың 2024 жылғы бірінші жартыжылдықтағы нәтижелері*
2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша активтер 2023 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда 19,9 млрд теңгеге (6,28%) азайып, 297 млрд теңгені құрады. Оған сауда портфеліндегі бағалы қағаздар көлемінің 27,5 млрд теңгеге немесе бұрын сатып алынған бағалы қағаздар бойынша оң нәтиже тіркелгеннен кейін 12,9%-ға төмендеуі себеп болып отыр. Бұл ретте кері РЕПО операциялары көлемінің 6,9 млрд теңгеге дейін айтарлықтай өсуін атап өткен жөн.
2023 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда міндеттемелер 22,4 млрд теңгеге немесе 13,6%-ға азайды және тікелей РЕПО операциялары көлемінің 22 млрд теңгеге немесе 13,6%-ға қысқаруына байланысты 142,3 млрд теңгені құрады.
Меншікті капитал 2,5 млрд теңгеге немесе 2023 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда 1,6%-ға өсіп, 154,8 млрд теңгені құрады.
Таза кіріс 4,1 млрд теңгеге немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 62,2%-ға қысқарып, 2,5 млрд теңгені құрады. Бұл андеррайтердің қызметтерінен комиссиялық сыйақы түріндегі кірістердің 1 млрд теңгеге немесе 38,4%-ға, брокерлік қызметтерден 1,1 млрд немесе 30,5%-ға төмендеуіне байланысты. Сондай-ақ, РЕПО операциялары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстардың 788,6 млн теңгеге немесе 8,4%-ға ұлғаюымен; операциялық шығыстар - 746,9 млн теңгеге немесе 15,9%-ға өсті. Андеррайтингтік қызметтерге деген сұраныстың төмендеуі облигациялар шығару арқылы қаражат тарту үшін неғұрлым қолайлы жағдайларды күтетін көптеген эмитенттердің шешуіне әсер ететін базалық мөлшерлеменің біртіндеп төмендеуіне байланысты. Бұл үрдіс ағымдағы жылдың төртінші тоқсанына дейін сақталады. Брокерлік қызмет көрсетуден келіп түсетін кірістің төмендеуі Freedom Finance Global-дағы ұқсас көрсеткіштің артуымен өтеледі. 
Жарғылық капитал 98,5 млрд теңгенң құрайды. 
2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша «Фридом Финанс» АҚ Қазақстан қор биржасында (KASE) саудаланатын бағалы қағаздардың 104 атауы бойынша, Astana International Exchange (AIX) 10 атауы бойынша ресми маркетмейкер болып табылады. Компания KASE мүшелерінің белсенділігін рэнкингте көшбасшылығын одан әрі сақтауда. Ағымдағы жылғы екінші тоқсанның қорытындысы бойынша «Фридом Финанс» АҚ нарықтың үш секторында бірінші орынды иеленді: үлестік және борыштық бағалы қағаздар, РЕПО.

2025 жылғы бірінші тоқсандағы Freedom Finance Global нәтижелері** 
2025 жылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша Freedom Finance Global-дың активтері 264,9 млн АҚШ долларын құрады, есепті кезеңдегі көрсеткіштің өсімі 18%-ды құрады, бұл компанияның шоттарындағы ақша қаражаты мен оның баламаларының 48,3 млн АҚШ долларына немесе 32%-ға өсуіне байланысты.
Есепті кезеңде міндеттемелер 2,3 млн АҚШ долларына немесе 86,4 млн АҚШ долларын құрап, 2,6%-ға қысқарды, тікелей РЕПО мәмілелері көлемінің 5,7 млн АҚШ долларына немесе 11,9%-ға қысқаруына байланысты.
2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша меншікті капитал 178,5 млн АҚШ долларын құрап, есепті кезеңде бөлінбеген пайданың өсуі нәтижесінде 32%-ға ұлғайды.
Есепті кезеңде таза пайда 52,6 млн, АҚШ долларын құрап, өткен жылмен салыстырғанда 90,5%-ға өсті, бұл көбінесе пайыздық кірістің 48,6 млн, АҚШ долларына немесе 147%-ға ұлғаюына байланысты. Брокерлік қызмет көрсетуден келіп түсетін кірістің 77%-ға 21,1 млн АҚШ долларына дейін өскенін атап өткен жөн. 

Анықтама:
*2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша «Фридом Финанс» АҚ-тың (аудиттелмеген) жеке қаржылық есептілігінің негізгі қаржылық көрсеткіштері.
** Компания үшін 2025 жылғы I тоқсан 2024 жылғы 30 маусымда аяқталды.
«Фридом Финанс» АҚ өз клиенттеріне KASE-де және AIX-те брокерлік қызмет көрсетуді, бағалы қағаздардың баға белгілеуін қолдау бойынша маркетмейкер қызметтерін, борыштық және үлестік қаржыландыруды ұйымдастыруды, қаржылық консалтинг саласындағы қызметтерді ұсынады.
Freedom Finance Global бұл – бөлшек инвесторларға қызмет көрсетуге маманданған жаңа мүмкіндіктері бар брокер. Компания АХҚО-да тіркелген, AFSA лицензиясы бар және қызметін ағылшын құқығының элементтерімен жүзеге асырады. Freedom Finance Global клиенттері халықаралық қаржы нарықтарында (NYSE/NASDAQ, London Stock Exchange, HKEX, Frankfurt Stock Exchange), KASE және AIX биржалық операцияларға, сондай-ақ холдингтің ең танымал және сұранысқа ие қызметіне - бастапқы орналастыруға қатысуға - тікелей қол жеткізе алады.
Компания Freedom Holding Corp. халықаралық инвестициялық тобына кіреді. Холдингтің акциялары Nasdaq Capital Market-те (15.10.2019 жылы) FRHC тикерімен орналастырылған. Freedom Holding Corp. қызметін Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссия (SEC, АҚШ) реттейді.


БАҚ үшін байланыс деректері: 
Рамина Фахрутдинова - «Фридом Финанс» АҚ Директорлар кеңесі төрағасының PR жөніндегі кеңесшісі
E-mail: [email protected]
 

История изменений

Freedom Finance Global Өзгертілді 7.02.2025, 16:42
Freedom Holding Corp. түсімі 2025 ф. ж. III тоқсанда $655 млн құрады

Freedom Finance Global Өзгертілді 13.01.2025, 17:40
Мәмілелерді орындау шарттарын жаңарту

Freedom Finance Global Өзгертілді 31.12.2024, 17:05
Компания Регламентін жаңарту

Freedom Finance Global Өзгертілді 20.11.2024, 16:03
Өскемен қаласындағы кеңсе жөнделуде

Freedom Finance Global Өзгертілді 30.10.2024, 16:23
Компанияның Регламентін жаңарту

Freedom Finance Global Өзгертілді 14.08.2024, 16:06
Компания Ережесіне 6-қосымшаны Жаңарту

Freedom Finance Global Өзгертілді 10.07.2024, 15:47
Компания Регламентін Жаңарту

Freedom Finance Global Өзгертілді 21.06.2024, 13:33
«Тариф Start» науқанын жалғастырамыз

Freedom Finance Global Өзгертілді 17.06.2024, 17:08
Компания Регламентін жаңарту

Freedom Finance Global Өзгертілді 14.06.2024, 16:40
Freedom Holding Corp. компаниясы түсімді 2 есеге ұлғайтты

Freedom Finance Global Өзгертілді 20.05.2024, 13:06
Freedom Broker қаржылық қорытындыларды шығарады

Freedom Finance Global Өзгертілді 10.04.2024, 11:32
Компанияның Регламентін жаңарту

Freedom Finance Global Өзгертілді 26.02.2024, 17:49
Компания Регламентін жаңарту

Freedom Finance Global Өзгертілді 23.01.2024, 15:04
Компания Регламентін жаңарту

Freedom Finance Global Өзгертілді 29.12.2023, 14:50
Компанияның Регламентін жаңарту

Freedom Finance Global Өзгертілді 15.12.2023, 18:39
Компанияның Регламентін жаңарту

Freedom Finance Global Өзгертілді 5.12.2023, 17:25
Қалалық телефон нөмірі өзгерді

Freedom Finance Global Өзгертілді 1.12.2023, 18:29
Қоғам Регламентін жаңарту

Freedom Finance Global Өзгертілді 17.11.2023, 21:59
Компания Регламентін жаңарту

Freedom Finance Global Өзгертілді 3.11.2023, 09:00
ITS сауда алаңына тестілік қолжетімділікті тоқтату

Freedom Finance Global Өзгертілді 11.10.2023, 16:20
E-шоттарға қызмет көрсетуге комиссия

Freedom Finance Global Өзгертілді 10.10.2023, 15:18
Freedom Broker Kazakhstan тоқсандық қорытындылары

Freedom Finance Global Өзгертілді 29.09.2023, 19:42
Компания Регламентінің жаңартылуы

Freedom Finance Global Өзгертілді 2.08.2023, 17:54
Компания Регламентін жаңарту

Freedom Finance Global Өзгертілді 7.06.2023, 15:23
Freedom Finance Global PLC CITIX Ltd облигацияларын орналастырды.

Freedom Finance Global Өзгертілді 6.06.2023, 12:10
Компанияның Регламентінің жаңартылуы

Freedom Finance Global Өзгертілді 25.05.2023, 17:13
Компанияның Регламентінің жаңартылуы

Freedom Finance Global Өзгертілді 14.02.2023, 17:30
Компанияның Регламентінің жаңартылуы

Freedom Finance Global Өзгертілді 13.01.2023, 15:30
Freedom Broker: 2022 жылдың қорытындысы

Freedom Finance Global Өзгертілді 19.12.2022, 16:34
IPO of KazMunayGas: update of the terms of the participation

Freedom Finance Global Өзгертілді 15.12.2022, 15:34
Компания Ережелерінің жаңартулары

Freedom Finance Global Өзгертілді 6.12.2022, 16:44
SONDORS IPO-на қатысу Ережелері (NASDAQ: SODR)

Freedom Finance Global Өзгертілді 27.10.2022, 16:30
КҚЖ бойынша электрондық құжат айналымына көшу

Freedom Finance Global Өзгертілді 17.10.2022, 14:22
21.10.2022 бастап регламентке өзгерістер

Freedom Finance Global Өзгертілді 22.08.2022, 12:30
Ережеге өзгерістер 28.08.2022 ж

Freedom Finance Global Өзгертілді 14.05.2022, 16:15
Ережеге 12.05.2022 жылдан бастап өзгертулер

Freedom Finance Global Өзгертілді 20.04.2022, 14:30
Ережеге 20.04.2022 жылдан бастап өзгертулер