2023 жылғы 27 қарашада «Freedom Finance Global PLC» (Компания) Жария компаниясының бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызметтер көрсету регламентіне (Регламент) өзгерістер күшіне енеді. Негізгі өзгерістер Бөлшек клиенттерге туынды қаржы құралдарымен операциялар жасау мүмкіндігін беруге байланысты. Осы мақсатта Регламенттің ережелері және оның 3, 4 және 5-қосымшаларының ережелері өзектендірілді. Қосымша Туынды қаржы құралдарымен Мәмілелер жасау ережелері туралы жаңа 13-қосымша әзірленді. Сонымен қатар, жеке тұлғаларға арналған сауалнама үлгілері жаңартылды.
Жаңартылған құжаттар Компанияның интернет-сайтында қолжетімді: https://ffin.global/kz
Жаңа нұсқада бірнеше негізгі өзгерістер бар:
1. Регламенттің ұғымдық аппараты жаңартылды. Туынды қаржы құралдарының, опциондық келісімшарттың, деривативтің және т.б. анықтамалары қосылды;
2. 4-қосымша туынды қаржы құралдарының саудасына байланысты тәуекелдердің жаңа түрлерімен толықтырылады.
3. 5-қосымшада бөлшек инвесторлар үшін туынды қаржы құралдарымен операциялар жасау мүмкіндігімен толықтырылды. Мәселен, 2.4.2-тармақта Бөлшек клиенттер үшін фьючерстерді, опциондарды және өзге де құралдарды сатуға тыйым салынды.
4. Туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау тәртібін реттейтін жаңа 13-қосымша қосылды.
5. Тиісінше 2А және 2А-1 қосымшаларының жаңа редакцияларында Жеке тұлға сауалнамасының (жеңілдетілген және тереңдетілген) жаңа нысандары енгізілді.
Сұрақтар туындаған жағдайда дербес менеджерге немесе 7555 (ұялы телефондардан) телефон арқылы хабарласыңыз.
Құрметпен,
Freedom Finance Global PLC жария компаниясы