Құрметті Клиент!
2024 жылғы 18 маусымда «Freedom Finance Global PLC» (Компания) жария компаниясының Бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызметтер көрсету регламентіне (Регламент) өзгерістер күшіне енеді. Негізгі өзгерістер Компания тарифтік жоспарды ауыстыруға арналған өтінімдерді қарауы үшін Клиенттің шотындағы активтердің ең төменгі құнының өлшемшартын белгілеу арқылы Компания Клиенттерін «Инвестор» тарифінен «Стандарт» тарифіне ауыстыру тәртібін оңтайландырумен байланысты.
Жаңартылған құжаттар Компанияның https://ffin.global/ интернет-сайтында қол жетімді.
Жаңа редакцияда бірнеше негізгі өзгерістер бар:
- Регламенттің 3-қосымшасына Клиенттің тарифтік жоспарды «Инвестор» негізгі жария тарифінен «Стандарт» тарифтік жоспарына ауыстыруға сұратуы кезінде Компания активтерінің құны сауда шотының балансына сәйкес кемінде 500 АҚШ долларын құрайтын Клиенттердің өтінімдерін ғана қарайтын ереже қосылды. Бұл ретте Компания тиісті өтінімді қанағаттандыруға да, сондай-ақ Регламентке сәйкес оны қанағаттандырудан бас тартуға да құқылы;
Сұрақтарыңыз туындаған жағдайда дербес менеджеріңізге немесе 7555 телефонына (ұялы телефоннан) хабарласыңыз.
Құрметпен,
Freedom Finance Global PLC жария компаниясы