Құрметті клиент!
2023 жылдың 12 маусымында «Freedom Finance Global PLC» жария компаниясының (Компания) брокерлік (агенттік) қызметтер көрсету регламентіне өзгерістер күшіне енеді. Өзгерістер компания көрсететін қызметтерді жетілдіруге бағытталған.
Жаңартылған Қосымшамен Freedom Finance Global PLC интернет-сайтында танысуға болады https://ffin.global
Жаңа нұсқада бірнеше өзгерістер бар:
1. 6-қосымшаның «1 бөліміне» («D-шоттар») өзгерістер енгізілді, Еуро валютасы бойынша табыс мөлшерлемесі қосылды, сондай-ақ ең төменгі қажетті қалдық бойынша нақтылаулар енгізілді;
2. Редакциялық сипаттағы өзгерістер енгізілді.
Сұрақтар туындаған жағдайда жеке менеджерге немесе 7555 телефонына (ұялы телефоннан) хабарласыңыз.
Құрметпен,
Freedom Finance Global PLC жария компаниясы