Құрметті клиент!
2024 жылғы 29 қаңтарда «Freedom Finance Global PLC» жария компаниясының (Компания) Бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызметтер көрсету регламентіне (Регламент) өзгерістер күшіне енеді. Негізгі өзгерістер жаңа Тарифтік жоспарлардың және қаржы құралдарымен мәмілелер жасағаны үшін оларға қолданылатын комиссиялардың қосылуына байланысты. Осы мақсатта Регламентке 3-қосымшаның ережелері жаңартылды.
Жаңартылғын құжаттар Компанияның https://ffin.global/kz интернет-сайтында қолжетімді.
Жаңа нұсқада бірнеше негізгі өзгеріс бар:
1. Негізгі жария тариф ұғымы енгізілді (әдеттегі тәртіп бойынша қолданылатын сыйақы мөлшерлемелерін көрсету үшін);
2. Мынадай жаңа тарифтер қосылды: «Инвестициялық жазылым», «Трейдер жазылымы» және «Белсенді трейдер жазылымы».
Сұрақтарыңыз туындаған жағдайда дербес менеджерге немесе 7555 телефонына (ұялы телефоннан) хабарласыңыз.
Құрметпен,
Freedom Finance Global PLC жария компаниясы