2022 жылғы 21 желтоқсанда «Freedom Finance Global PLC» Жария компаниясының (Компания) брокерлік (агенттік) қызметтер көрсету Регламентіне өзгерістер күшіне енеді. Өзгерістер компания көрсететін қызметтерінің жетілдірілуіне байланысты.
Жаңартылған құжаттар компанияның интернет-сайтында қол жетімді.
Ережелердегі маңызды өзгерістер:
- РЕПО операциялары бойынша комиссия есебінің тұжырымдамасы нақтыланды;
- компанияға жергілікті бағалы қағаздардың аударымдарын қосу арқылы сауда емес операциялардың тізімін кеңейтті-бұл операциялар үшін клиенттерден комиссия ұсталмайды.
- «Халықаралық» тарифтік жоспарының мәнін өзгертті;
- жаңа Standard тарифтік жоспарын енгізіп, қолданыстағы «Стандарт» тарифтік жоспарын алып тастады (3-қосымша (Комиссиялар, тарифтер және өтемақылар);
Сізде тарифтік жоспарыңыз бойынша сұрақтар туындаған жағдайда, жеке менеджерге немесе 7555 телефоны бойынша (ұялы телефоннан) хабарласыңыз.