Құрметті Клиент!
2023 жылғы 9 қазанда «Freedom Finance Global PLC» (Компания) Жария компаниясының бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсету регламентіне (Регламент) өзгерістер күшіне енеді. Өзгерістер Регламентке 3-қосымшада тарифтерді жаңартудан тұрады және клиенттік тәжірибені жақсартуға және Компания көрсететін қызметтерді жетілдіруге бағытталған.
Жаңартылған құжаттар Компанияның интернет-сайтында қолжетімді: https://ffin.global/kz
Жаңа нұсқада бірнеше негізгі өзгерістер бар:
1. 3-қосымшаның 1.1.2-тармағында көрсетілген тарифтер ITS сауда алаңындағы мәмілелерге қолданылмайды;
2. 3-қосымша 1.1.3 «Халықаралық нарықтар (ITS сауда алаңындағы мәмілелер үшін)» жаңа тарифтермен толықтырылады;
3. Жоғарыда көрсетілген өзгерістердің нәтижесінде сауда алаңында мәмілелерді орындау клиенттер үшін тиімдірек болады, өйткені оларға әр бұйрық үшін $1,2 мөлшерінде комиссия қолданылмайды
Сұрақтар туындаған жағдайда дербес менеджерге немесе 7555 (ұялы телефондардан) телефон арқылы, шетелден қоңырау шалсаңыз +7 727 355 75 55 нөміріне хабарласыңыз.
Құрметпен,
Freedom Finance Global PLC Жария компаниясы