Құрметті Клиент!
2024 жылғы 11 наурызда «Freedom Finance Global PLC» жария компаниясының (Компания) Бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызметтер көрсету регламентіне (Регламент) өзгерістер күшіне енеді. Негізгі өзгерістер белгілі бір деректерді ұсынбаған кезде Компанияның клиенттің шотындағы ақша қаражатын біржақты есептен шығаруы рәсімін жаңартуға байланысты. Осы мақсатта Регламенттің негізгі мәтінінің ережелері жаңартылды.
Жаңартылғын құжаттар Компанияның https://ffin.global/ интернет-сайтында қолжетімді.
Жаңа нұсқада бірнеше негізгі өзгеріс бар:
- Қолданылатын реттеу талаптарына сәйкес және КЖ/ТҚҚ мақсатында Компания сұрататын құжаттарды және ақпаратты ұсыну туралы Компания талаптары орындалмағаны үшін Компания клиенттерінің жауапкершілігі туралы ережеге толықтырулар енгізілді;
- Брокерлік шарт бұзылған кезде Клиенттің Ақша қаражатын және/немесе қаржы құралдарын аударуға тапсырманы ұсынбағаны жағдайлар туралы Регламенттің ережелері жаңартылды.
Сұрақтарыңыз туындаған жағдайда дербес менеджерге немесе 7555 телефонына (ұялы телефоннан) хабарласыңыз.
Құрметпен,
Freedom Finance Global PLC жария компаниясы