Freedom Holding Corp. компаниясының 2026 ф.ж. І тоқсандағы түсімі жарты миллиард АҚШ долларынан асты

09 тамыз 2025, 00:51

Freedom Holding Corp. 2026 фискалдық жылғы І тоқсанның қаржылық нәтижелерін жариялады, компания үшін ол ағымдағы жылғы 30 маусымда аяқталды. 
Негізгі көрсеткіштер мынадай серпін көрсетті: 
●    Есепті кезеңдегі түсім 533,4 млн АҚШ долларын құрады, оның бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 78,4 млн АҚШ долларына (17%) өсуі бағалы қағаздармен жасалған операциялар бойынша таза пайданың ұлғаюы есебінен болды. Оған қоса, түсімнің оң серпініне зейнетақы аннуитеті және жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша шарттар санының ұлғаюына байланысты қайта сақтандыруды шегергенде тапқан сақтандыру сыйлықақылары көлемінің өсуі әсер етті. Сондай-ақ басқа еншілес компаниялардағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің өсуі оң әсер етті.
●    Freedom Holding Corp. компаниясының таза пайдасы 30,4 млн АҚШ долларын құрады. Холдинг акциясының пайдасы 0,51 АҚШ долларын құрады*. 
●    Холдингтің активтері 9,9 млрд АҚШ долларынан 9,7 млрд АҚШ долларына азайды (-2%). Міндеттемелер 8,5 млрд АҚШ долларын (-3%) құрады.
2026 фискалдық жылғы І тоқсанда демеушілікке жұмсалған шығыс 6.5 млн АҚШ долларына ұлғайды. Оған Топтың еншілес компаниялары арқылы жүзеге асырылған бірнеше жарна кірді. Есепті кезеңде неғұрлым айтарлықтай демеушілік салым Қазақстанның QJ League жасөспірімдер футбол лигасына жұмсалды.
Есепті кезеңде клиенттер қоры әрі қарай өсті: брокерлік шоттар 725 мың (+43 мың), сақтандыру компанияларының клиенттері 1,4 млн (+226 мың), көрсетілетін банк қызметтерін пайдаланушылар 3,0 млн (+412 мың).
2025 жылғы 26 маусымда S&P Global Ratings халықаралық агенттігі Холдингтің негізгі еншілес компаниялары: «Фридом Финанс» АҚ, Freedom Finance Global PLC, Freedom Finance Europe Ltd және «Фридом Банк Қазақстан» АҚ-тың рейтингтері бойынша болжамды «тұрақтыдан» «позитивті» болжамға қайта қарап, тәуекелді басқару және комплаенс жүйесін нығайту аясында ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді «В+/В» деңгейіндегі рейтингтерді растады. Ұлттық шкала бойынша «Фридом Финанс» АҚ пен «Фридом Банк Қазақстан» АҚ-тың рейтингтері «kzBBB»-тен «kzBBB+»-ке дейін көтерілді. Freedom Holding Corp. компаниясының рейтингі «В-» деңгейінде расталды.
Сондай-ақ, Freedom Holding Corp. компаниясы акцияларының 2025 жылғы 27 маусымда америкалық нарық жабылғаннан кейін күшіне енген жыл сайынғы қайта теңгерімдеу шеңберінде Russell 3000 индексіне қосылуы маңызды оқиға болды. Russell 3000 индексі АҚШ-тың инвестицияланған акциялар нарығының шамамен 98%-ын құрайтын 3,019 ең ірі америкалық компаниялардың серпінін қадағалайды.

Анықтама

2026 жылғы I тоқсан, компания үшін 2025 жылғы 30 маусымда аяқталды.

Есептілік валютасын қайта есептеуге байланысты резервтің өзгеруі.
Холдингтің өзге жиынтық кірісіне/шығысына шоғырландыру кезінде қаржылық есептілік көрсеткіштерін қайта есептеу нәтижесінде туындайтын, еншілес компаниялардың функционалдық валюталарында, холдингтің валютасында көрсетілген есептілік валютасының резервін қайта есептеу жөніндегі кірістер мен шығыстар енгізілген. Резервті есептеу кезінде активтер мен міндеттемелердің баптары бағам бойынша есепті күнге қайта есептеледі, кірістер мен шығыстардың баптары есепті кезеңдегі орташа бағам бойынша қайта есептеледі. Резервтің оң өзгеруі еншілес компаниялардың холдинг есеп беретін валютаға қатысты функционалдық валюталары бағамының төмендеуі нәтижесінде туындайды.

*Пайда 59,9 млн дана акцияның орташа өлшенген базалық санына негізделген.

Компания жайында
Freedom Holding Corp. қаржылық қызметТер көрсететін, брокерлік қызметпен, бағалы қағаздармен сауда жасаумен, инвестициялық зерттеулермен және консультация берумен, инвестициялық банктік және андеррайтингтік қызметтермен, ипотекамен, сақтандырумен, телекоммуникациямен, әуе билеттері мен мәдени және спорттық іс-шаралардың билеттерін онлайн сатумен айналысатын әртараптандырылған компания, ол онлайн супермаркет қызметтерін және басқа да қызметтер ұсынады. Freedom Holding Corp. компаниясының еншілес компанияларын ескере отырып, 10,1 мыңнан астам қызметкері бар. Холдингтің бөлімшелері мен еншілес компаниялары Қазақстан, АҚШ, Кипр, Польша, Испания, Өзбекстан және басқа елдерді қоса алғанда, 22 елде орналасқан. Freedom Holding Corp. компаниясының жай акциялары АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясында тіркелген және Nasdaq Capital Market-те FRHC тикерімен саудаланады.

БАҚ үшін байланыс деректері: [email protected]
www.freedomholdingcorp.com.



 

+7 7172 67 77 55 (Қазақстанның қалалық нөмірлерінен қоңырау шалу - тегін халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы)

7555 (Қазақстанның ұялы операторларынан қоңырау шалу тегін) [email protected]

Қазақстан Республикасы, Астана қ.,

Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

Компанияның жұмыс уақыты:

дс-жм 09:00 - 19:00 (Астана қ. уақыты бойынша)

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

Ақпаратты ашу

Лицензиялар

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

 

S&P Global рейтингтері – «B+/B+», болжамы «Оң».

 

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

 

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!