Регламенттің және оған қосымшалардың жаңа редакциясының күшіне енуі туралы

09 қаңтар 2026, 04:27

2026 жылғы 09 қаңтардағы бастап «Freedom Finance Global PLC» жария компаниясының (бұдан әрі – «Компания») бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік (агенттік) қызметтерді көрсету жөніндегі Регламенттің (бұдан әрі – «Регламент»), сондай-ақ оған қосымшалардың жаңа редакциясы күшіне енеді.

 

Регламентті жаңарту 2B-қосымшаға және 3-қосымшаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге негізделген. Атап айтқанда, мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:

 

Регламентке 2В-қосымша (ЗТ сауалнамасы):

  • жүзеге асырылатын қызмет түрлерінің тізбесі КЖ/ТҚҚ бөлігіндегі санкциялық және өзге де қызмет түрлерімен толықтырылды;
  • ұйымдастыру-құқықтық нысандардың анықтамалығы кеңейтілді;
  • "Меншік және басқару құрылымы туралы мәліметтер" деген бөлім "қатысу үлесі %", "ЖЛТ-ға тиесілігі" деген жолдармен толықтырылды, бенефициарлық меншік иесінің заңды тұлғаны бақылауды жүзеге асыру тәртібі кеңейтілді;
  • "Заңды тұлға туралы жалпы мәліметтер" бөлімі клиенттің түрі мен мәртебесі жөніндегі мәселемен толықтырылды.

 

Регламентке 3-қосымша (Тарифтер):

  • Әрекетсіз шоттарға қызмет көрсеткені үшін комиссия (USD 50) алынып тасталды - 4.4-т.;
  • EUR валютасындағы "Басқа банктердің банк картасына шығару бойынша операцияларды" уақытша ұсынбауға қатысты нақтылау қосылды - 4.4.4-тармақ.

 

Регламенттің және оған қосымшалардың жаңартылған нұсқасымен Компанияның ресми сайтында таныса аласыз: https://ffin.global/

 

Сұрақтарыңыз болса, жеке менеджеріңізге немесе Қазақстан Республикасы аумағындағы мобильді телефондардан 7555 нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз.

 

Шетелден қоңырау шалу үшін: +7 (7172) 67-77-55.

 

Құрметпен,
«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы
 

+7 7172 67 77 55 (Қазақстанның қалалық нөмірлерінен қоңырау шалу - тегін халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы)

7555 (Қазақстанның ұялы операторларынан қоңырау шалу тегін) [email protected]

Қазақстан Республикасы, Астана қ.,

Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

Компанияның жұмыс уақыты:

дс-жм 09:00 - 19:00 (Астана қ. уақыты бойынша)

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

Ақпаратты ашу

Лицензиялар

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

 

S&P Global рейтингтері – «B+/B+», болжамы «Оң».

 

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

 

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!