Қоғамның Регламентін және Регламентке 3-қосымшаны жаңарту
24 қыркүйек 2024, 14:17
Құрметті Клиент!
2024 жылғы 25 қыркүйекте «Freedom Finance Global PLC» (Компания) жария компаниясының Бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызметтер көрсету регламентінің жаңа нұсқасы және Регламентке 3-қосымшаның жаңа нұсқасы күшіне енеді.
Регламенттің жаңа нұсқасын бекіту мыналарға қатысты толықтырулармен байланысты:
• Қосалқы брокер ұғымын және Қоғамның қосалқы брокерлермен құқықтық қатынастарының және өзара әрекеттесуінің мәнін анықтау (Регламенттің 2.3-тармағына қосымша);
• Клиенттерге қызмет көрсету процесінде үшінші тұлғалардың қызметтерін пайдалану кезінде Компанияның жауапкершілігін нақтылау (Регламенттің 15.1 тармағына қосымша);
• Клиенттің Дербес деректері берілуі мүмкін тұлғалар санатын көрсету және Дербес деректерді қорғаудың тиісті дәрежесі бар юрисдикциялар тізіміне кірмейтін юрисдикцияларға дербес деректерді беру кезіндегі тәуекелдерді ашу. (Регламенттің 19.8. және 19.9. тармағын өзгерту);
• Клиенттің Дербес деректері берілуі мүмкін адамдардың санатын нақтылау және Дербес деректерді қорғау дәрежесі бара-бар юрисдикция тізіміне кірмейтін, юрисдикцияға дербес деректерді беру кезінде тәуекелдерді жария ету. (Регламенттің 19.2 және 19.9-тармағын өзгерту)
• Клиенттің Компания алдындағы дәйекті құжаттар мен ақпаратты ұсыну, қаражаттың заңдылығын растау және өз атынан әрекет ету және осы міндеттемелерді бұзу нәтижесінде компанияға келтірілген кез келген шығынды өтеу бойынша міндеттемелері. (Регламенттің 16.13-тармағына қосымша).
Оған қоса, терминологияны қолдануды бір жүйеге келтіруге бағытталған Регламенттің мәтініне техникалық түзетулер мен нақтылаулар енгізілді.
Регламентке 3-қосымшаға мынадай тарифтік жоспарлар бойынша Опциондармен мәмілелер жасағаны үшін алынатын комиссия туралы өзгерістер бекітілді:
1. «Инвестор» тарифі: тапсырма (бұйрық) үшін 10 АҚШ доллары + әрбір келісімшарт үшін 3 АҚШ доллары;
2. «Стандартты» тариф: тапсырма (бұйрық) үшін 10 АҚШ доллары + әрбір келісімшарт үшін 1 АҚШ доллары;
3. «Халықаралық» тарифі: тапсырма (бұйрық) үшін 10 АҚШ доллары + әрбір келісімшарт үшін 3 АҚШ доллары;
4. «Инвестициялық жазылым» тарифі: тапсырма (бұйрық) үшін 10 АҚШ доллары + әрбір келісімшарт үшін 3 АҚШ доллары;
5. «Трейдер жазылымы» тарифі: тапсырма (бұйрық) үшін 10 АҚШ доллары + әрбір келісімшарт үшін 3 АҚШ доллары;
6. «Белсенді трейдер жазылымы» тарифі: тапсырма (бұйрық) үшін 10 АҚШ доллары + әрбір келісімшарт үшін 3 АҚШ доллары.
Жаңартылған құжаттар Компанияның https://ffin.global/ интернет-сайтында қол жетімді.
Сұрақтарыңыз туындаған жағдайда дербес менеджеріңізге немесе 7555 телефоны арқылы хабарласыңыз (Қазақстан Республикасындағы ұялы телефондардан). Шетелден қоңырау шалу нөмірі: +7-7172-67-77-55
Құрметпен,
Freedom Finance Global PLC жария компаниясы
Другие новости
12 aқпан 2025, 00:00
Freedom Broker тоқсандық қорытындыларын шығарды
13 қаңтар 2025, 07:40
Мәмілелерді орындау шарттарын жаңарту
31 желтоқсан 2024, 17:05
Компания Регламентін жаңарту
12 желтоқсан 2024, 17:15
S&P агенттігі Freedom Holding Corp. компаниясының төрт еншілес компаниясына ұзақмерзімді рейтингтерін жоғарылатты
20 қараша 2024, 16:03
Өскемен қаласындағы кеңсе жөнделуде
30 қазан 2024, 16:23
Компанияның Регламентін жаңарту
26 қыркүйек 2024, 10:12
Freedom Finance Global халықаралық капитал нарықтарының қауымдастығына кірді
24 қыркүйек 2024, 14:17
Қоғамның Регламентін және Регламентке 3-қосымшаны жаңарту
17 қыркүйек 2024, 01:00
17-18 қыркүйек күндері The First Kazakhstan Economic Freedom High-Level Conference: The International Financial System in a New World конференциясы өтеді.