Компанияның Регламентін жаңарту
15 желтоқсан 2023, 18:39
Құрметті Клиент!
2024 жылғы 2 қаңтарда «Freedom Finance Global PLC» (Компания) жария компаниясының Бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызметтер көрсету регламентіне (Регламент) өзгерістер күшіне енеді. Негізгі өзгерістер әртүрлі Тарифтік жоспарлар шеңберінде қолданылатын комиссияларды неғұрлым қолжетімді баяндау үшін Регламент ережелерін жаңартуға және 3-қосымшаның құрылымын оңтайландыруға байланысты.
Жаңартылған құжаттар Компанияның https://ffin.global/ интернет-сайтында қол жетімді
Жаңа нұсқада бірнеше негізгі өзгеріс бар:
- Компанияның Регламентте және оған 5-қосымшада байланыс телефоны жаңартылды;
- Регламентке 3-қосымшада, атап айтқанда бірінші бөлімде қолданыстағы тарифтік жоспарлар шеңберінде қолданылатын комиссияларды визуализациялау құрылымы өзгертілді;
- Маржалық сауда шеңберінде Компания мен Клиенттің құқықтық қатынастарын неғұрлым егжей-тегжейлі сипаттау үшін Регламентке 7-қосымша жаңартылды.
- «Жеке менеджер» тарифінің атауы «Investor» болып өзгерді.
- Регламенттің негізгі бөлігіне ақша қаражатын шығаруға арналған клиенттік тапсырмаларды орындау туралы ережеге өзгерістер енгізілді;
Барлық сұрақтар бойынша жеке менеджеріңізге немесе 7555 нөміріне (ұялы телефондардан) хабарласыңыз. Шетелден қоңырау шалуға арналған нөмір: +7 7172 67 77 55
Құрметпен,
Freedom Finance Global PLC жария компаниясы
Другие новости
15 қазан 2025, 12:53
Регламент пен оған қосымшалардың жаңа редакциясының күшіне енуі туралы
05 қыркүйек 2025, 05:19
Freedom Finance Global PLC АХҚО-нан Tech for Finance Excellence Award марапатын алды
20 тамыз 2025, 12:25
Регламенттің және оған қосымшалардың жаңа редакциясының күшіне енуі туралы
09 тамыз 2025, 00:51
Freedom Holding Corp. компаниясының 2026 ф.ж. І тоқсандағы түсімі жарты миллиард АҚШ долларынан асты
22 шілде 2025, 19:00
Рефералды «Link-Up» бағдарламасы – клиенттерді шақырғаныңыз үшін бонустар
11 маусым 2025, 20:04
Комплаенс шұғыл байланысы - бұзушылықтар жайында хабарлаңыз.
09 маусым 2025, 12:25
Регламент пен оған қосымшалардың жаңа редакциясының күшіне енуі туралы.
21 мамыр 2025, 12:27
Регламенттің және оған қосымшалардың жаңа редакциясының күшіне енуі
30 сәуір 2025, 12:16
Брокерлік комиссияның күшін жою – 2025 жылғы 1-11 мамыр аралығында