Freedom Broker Kazakhstan тоқсандық қорытындылары

10 қазан 2023, 15:18

2023 ж. 11 қазан, Алматы қ.

*«Фридом Финанс» АҚ
1. 2023 жылдың 30 қыркүйегіндегі қорытынды активтер 2022 жылдың 31 желтоқсанымен салыстырғанда 144,2 млрд теңгеге (70,3%) ұлғайып, 349,4 млрд теңгеге жетті. Бұл өсімге бағалы қағаздар портфелінің 114,8 млрд теңгеге немесе 88,9%-ға ұлғаюы нәтижесінде қол жеткізу мүмкін болды.
2. 2022 жылдың 31 желтоқсанымен салыстырғанда міндеттемелер 107,3 млрд теңгеге немесе 125,9%-ға өсті. Бұл тікелей РЕПО бойынша операциялардың 113,4 млрд теңгеге немесе 149,7%-ға ұлғаюына байланысты.
3. Меншікті капитал 36,8 млрд теңгеге немесе 2022 жылдың 31 желтоқсанымен салыстырғанда 30,7%-ға өсті.
4. 2023 жылғы 30 қыркүйекте аяқталған тоқсандағы таза кіріс 2022 жылғы 30 қыркүйекте аяқталған осы тоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 0,97 млрд теңгеге немесе 30,2%-ға ұлғайды. Бұл келесі көрсеткіштердің өсуіне байланысты:

а) өзгерістері пайда немесе залал құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы активтері құнының өзгеруінен таза кірістер – 4,7 млрд теңгеге немесе 801,4%;
b) қаржы активтерін сатып алу-сатудан түскен таза кірістер – 1,2 млрд теңгеге немесе 131,9%;
с) шетел валютасымен операциялардан түскен кірістер – 0,8 млрд теңгеге немесе 733,1%.
d) операциялық шығыстар – 3,2 млрд теңгеге немесе 240,5%;
е) сыйақы төлеуге байланысты таза шығыстар – 2,4 млрд теңгеге немесе 242,1%.

Негізгі сандық көрсеткіштер:
1. Жарғылық капитал – 92,8 млрд теңге.
2. 2023 жылдың 1 қазанындағы шоттардың жалпы саны – 85 мыңнан астам.
3. 2023 жылғы үшінші тоқсандағы мәмілелер саны – 258 мыңнан астам.
4. 2023 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша компания – Қазақстан қор биржасында сатылатын бағалы қағаздардың 104 атауы, Astana International Exchange-де 7 атауы бойынша ресми маркетмейкер.

** Freedom Finance Global PLC
2024 жылдың 2 тоқсанында компанияда 13 мыңнан астам шот ашылып, 2,9 млн астам мәміле жасалды. 2023 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша ашылған шоттардың жалпы саны – 132 мыңнан астам, бағалы қағаздармен 14,5 миллионнан астам мәміле жүзеге асырылды.

*2023 жылдың үшінші тоқсанындағы негізгі қаржы көрсеткіштері жеке (шоғырландырылмаған) қаржылық есептіліктен.
** Фискалдық жылдың 2024 жылдың 2-тоқсанының қорытындылары.

Анықтама:
«Фридом Финанс» АҚ клиенттеріне KASE және AIX-те брокерлік қызмет көрсетуді, бағалы қағаздардың баға белгілеуін қолдау бойынша маркетмейкер қызметтерін, борыштық және үлестік қаржыландыруды ұйымдастыруды, қаржы консалтингі саласындағы қызметтерді ұсынады.

Freedom Finance Global PLC – бөлшек инвесторларға қызмет көрсетуге маманданған жаңа мүмкіндіктері бар брокер. Компания АХҚО-да тіркелген, AFSA лицензиясы бар және қызметін ағылшын құқығының элементтерімен жүзеге асырады. Freedom Finance Global PLC клиенттері халықаралық қаржы нарықтарында (NYSE/NASDAQ, London Stock Exchange, HKEX, Frankfurt Stock Exchange), KASE және AIX биржалық операцияларға, сондай-ақ холдингтің ең танымал және сұранысқа ие қызметіне - бастапқы орналастыруға қатысуға - тікелей қол жеткізе алады. 

Компаниялар Freedom Holding Corp. халықаралық инвестициялық тобына кіреді. Холдингтің акциялары Nasdaq Capital Market-те (15.10.2019 жылы) FRHC тикерімен орналастырылған. Freedom Holding Corp. қызметін Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссия (SEC, АҚШ) реттейді.

БАҚ үшін байланыс деректері: 
Рамина Фахрутдинова – «Фридом Финанс» АҚ Директорлар кеңесі төрағасының PR жөніндегі кеңесшісі 
E-mail: [email protected]

+7 7172 67 77 55 (Қазақстанның қалалық нөмірлерінен қоңырау шалу - тегін халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы)

7555 (Қазақстанның ұялы операторларынан қоңырау шалу тегін) [email protected]

Қазақстан Республикасы, Астана қ.,

Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

Компанияның жұмыс уақыты:

дс-жм 09:00 - 19:00 (Астана қ. уақыты бойынша)

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

Ақпаратты ашу

Лицензиялар

Freedom Finance Global PLC Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

 

S&P Global рейтингтері – «B+/B+», болжамы «Оң».

 

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

 

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!