Freedom Holding Corp. компаниясы түсімді 2 есеге ұлғайтты

14 маусым 2024, 16:40

2024 жылғы 14 маусым, Алматы

 

2024 фискалдық жылдың қорытындысы бойынша Freedom Holding Corp. компаниясының түсімі 1,635 млрд АҚШ долларын құрады. Оның 839,4 млн АҚШ долларына өсуі (+105%) мынадай факторларға байланысты болды:

● Пайыздық кірістің 533,5 млн АҚШ долларына ұлғаюы сауда портфелінің және ондағы облигациялардың үлесінің кеңеюімен байланысты. Сонымен бірге, клиенттерге берілген банктік кредиттер, маржалық қарыздар, кері РЕПО шарттары және банктердегі қаражат, сондай-ақ сату үшін қолда бар бағалы қағаздар бойынша пайыздық кірістердің өсуі байқалды.

● Сақтандыру андеррайтингінен келіп түсетін кіріс негізінен алынған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі есебінен 115,4 млн АҚШ долларынан 264,2 млн АҚШ долларына дейін (+129%) ұлғайды, бұл өз кезегінде сақтандыру операцияларының кеңеюіне және қолданыстағы сақтандыру шарттары санының ұлғаюына байланысты болды.

● Комиссиялық кірістер 113,1 млн АҚШ долларына немесе 35%-ға ұлғайды. Өсім негізінен бөлшек брокерлік клиенттердің санын көбейту арқылы қамтамасыз етілді. Сонымен бірге, төлемдерді өңдеу мен банктік көрсетілетін қызметтерден алынатын комиссиялық кірістердің өсуі байқалды.

● Сауда бағалы қағаздары бойынша таза пайда бір жыл ішінде 71,1 млн АҚШ долларынан 1 133,9 млн АҚШ долларына дейін 88%-ға ұлғайды. Бір жыл ішінде сауда бағалы қағаздары бойынша іске асырылған пайда алынды, ол Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бір жыл ішінде сатылған борыш бағалы қағаздарына жатады.

● Шетел валютасымен жасалатын операциялардан келіп түсетін таза пайданың 20,4 млн АҚШ долларына өсуі Freedom Bank-тің шетел валютасын сатып алу және сату жөніндегі қызметінің кеңеюіне байланысты.

 

Холдингтің шығыстары 640 млн АҚШ долларына (+114%) өсті. Мұндай серпін мынадай факторларға байланысты:

● Инвестициялық портфель көлемінің кеңеюіне байланысты РЕПО арқылы қысқа мерзімді қаржыландыру бойынша шығыстардың өсуіне байланысты пайыздық шығыстар 292,2 млн АҚШ долларына (+140%) ұлғайды. Сондай-ақ, көрсеткіштің өсуі Freedom Bank-тің клиенттер базасының кеңеюіне байланысты депозиттер бойынша пайыздардың ұлғаюына байланысты.

● Холдингке кіретін компаниялардағы қызметкерлер санының өсуіне байланысты есепті кезеңде жалақы мен сыйлықақылар 99,2 млн АҚШ долларына (+121%) ұлғайды.

● Қайта сақтандыруды шегергенде келтірілген сақтандыру өтемақыларының көлемі 62,2 млн АҚШ долларына (+80%) ұлғайды.

● Жалпы және әкімшілік шығыстар 60,9 млн АҚШ долларына (+102%) өсті. Кәсіби көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстар 17,2 млн АҚШ долларына (+101%) ұлғайды.

 

Freedom Holding Corp. компаниясының 2024 фискалдық жыл қорытындысы бойынша таза пайдасы 375 млн АҚШ долларын құрады. 59,0 млн дананы құрайтын акциялардың орташа алынған базалық санына сүйене отырып есептелген холдингтің акциясына шаққандағы пайда 6,37 АҚШ долларын құрады. 59,4 млн дананы құрайтын акциялардың сұйылтылған орташа алынған санына сүйене отырып есептелген холдингтің акциясына шаққандағы пайда 6,33 АҚШ долларын құрады. Басқа жиынтық кіріс 29 млн АҚШ долларынан 15 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды.

 

Холдингтің активтері 5,085 млрд АҚШ долларынан 8,301 млрд АҚШ долларына дейін (+63%) өсті. Міндеттемелер 4,314 млрд АҚШ долларынан 7,135 млрд АҚШ долларына дейін (+65%) өсті.

 

Холдингтің брокерлік клиенттер шоттарының саны 2024 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша 530 мыңды құрады, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 160 мыңға (+58%) артық.

 

Анықтама

Есептілік валютасын қайта есептеуге байланысты резервтің өзгеруі.

Холдингтің басқа жиынтық кірісіне/шығыстарына шоғырландыру кезінде холдингтің валютасында, еншілес компаниялардың функционалдық валюталарында көрсетілген қаржылық есептілік көрсеткіштерін қайта есептеу нәтижесінде туындайтын есептілік валютасының резервін қайта есептеу жөніндегі кірістер мен шығыстар енгізілген. Резервті есептеу кезінде активтер мен міндеттемелердің баптары бағам бойынша есепті күнге қайта есептеледі, кірістер мен шығыстардың баптары есепті кезеңдегі орташа бағам бойынша қайта есептеледі. Резервтің оң өзгеруі еншілес компаниялардың холдинг есеп беретін валютаға функционалдық валюталарының бағамының төмендеуі нәтижесінде туындайды.

Холдинг үшін фискалдық 2024 жыл 2024 жылғы 31 наурызда аяқталды.

 

Компания жайында

Freedom Holding Corp. қаржылық қызметтер ұсынатын, брокерлік қызметпен, бағалы қағаздармен сауда жасаумен, инвестициялық зерттеулермен, инвестициялық консультация берумен, инвестициялық банктік және андеррайтингтік қызметтермен, ипотекамен, сақтандырумен айналысатын әртараптандырылған компания болып табылады. Freedom Holding Corp. компаниясының еншілес компанияларын ескере отырып, 6000-нан астам қызметкері бар. Freedom Holding Corp. компаниясының штаб-пәтері Алматы қаласында (Қазақстан) орналасқан, ал оның бөлімшелері мен еншілес компаниялары Қазақстан, АҚШ, Кипр, Польша, Испания, Өзбекстан және Әзірбайжан сияқты 19 елде орналасқан. Freedom Holding Corp. компаниясының жай акциялары АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясында тіркелген және Nasdaq Capital Market-те FRHC тикерімен саудаланады. Freedom Holding Corp. компаниясы туралы көбірек білу үшін www.freedomholdingcorp.com сайтына кіріңіз.

 

БАҚ үшін байланыс деректері:

Рамина Фахрутдинова – «Фридом Финанс» АҚ Директорлар кеңесі Төрағасының PR жөніндегі кеңесшісі

E-mail: [email protected]

+7 7172 67 77 55 (Қазақстанның қалалық нөмірлерінен қоңырау шалу - тегін халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы)

7555 (Қазақстанның ұялы операторларынан қоңырау шалу тегін) [email protected]

Қазақстан Республикасы, Астана қ.,

Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

Компанияның жұмыс уақыты:

дс-жм 09:00 - 19:00 (Астана қ. уақыты бойынша)

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

Ақпаратты ашу

Лицензиялар

Freedom Finance Global PLC Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

 

S&P Global рейтингтері – «B+/B+», болжамы «Оң».

 

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

 

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!