Freedom Holding Corp. компаниясы Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер жайында хабарлайды

04 маусым 2024, 09:44

2024 жылғы 3 маусым, Алматы, Қазақстан                                                                                                

 

Freedom Holding Corp. компаниясы Директорлар кеңесі (ДК) құрамының 7 мүшеге дейінұлғайтылғаны туралы хабарлайды. ДК-нің жаңа мүшелері: Эндрю Гэмбл, ФилиппВогелер, Қайрат Келімбетов.

Тимур Турлов, Freedom  Holding Corp. компаниясы Директорлар кеңесінің Төрағасы, бас атқарушы директоры

«Біз әлемдегі орнымызды одан әрі кеңейтіп жатырмыз. Әрбір юрисдикцияның өзнормативтік талаптары мен заңнамасында айырмашылықтары болады. Сондықтан бізқазіргі ДК-нің сараптамалық құрамын толықтырып, халықаралық компаниялардыбасқаруда әр түрлі тәжірибесі бар, жаһандық операциялық қызмет пен басқарусаласында терең әрі жан-жақты білімі бар, сондай-ақ жалпы әлемдік стратегиялықпозициялаудағы ноу-хауы бар мамандарды шақыру туралы шешім қабылдадық. ДК-ніңжаңа мүшелерінің сараптамасы бізге ағымдағы қызметімізді дамытуға, сондай-ақбизнестің жаңа мүмкіндіктерін ашуға көмектеседі және олардың әрқайсысы Холдингтіңұзақ мерзімді жетістігіне елеулі үлес қосады деген сенімдемін».

Сонымен бірге, 2024 жылғы 28 мамырда күшіне енген Заң мәселелері жөніндегі атқарушыдиректор деген жаңа лауазым бекітілді. Бұл лауазымға бұған дейін Директорлар кеңесініңМүшесі лауазымын атқарған Джейсон Керр тағайындалды.

Джейсон Керр Холдингтің қатысуының әртүрлі юрисдикцияларында заңнаманы сақтауғабайланысты мәселелер жөнінде үйлестіруді жақсарту мақсатында Холдинг шеңберіндебірыңғай құқықтық құрылым құруға жауапты болады.

 

Анықтама үшін:

Эндрю Гэмбл: Гэмбл мырзаның 50 жылға жуық заңгерлік және консультация беру мансабы Азия, Африка, Оңтүстік Америка және Еуропадағы жұмыстарды қамтиды. Ол Сьерра-Леоне, Гайана, Мозамбик жәнеЭфиопия үкіметтерінің мүддесі үшін жұмыс істеген топтарды басқарды.  Hogan Lovells компаниясыныңсеріктесі ретінде Таяу Шығыстағы және ТМД-дағы көптеген халықаралық ұйымдар үшін, соның ішіндеҚазақстан үшін банктерге консультация беру және қаржылық мәмілелерді құрылымдау бойынша қызметтеркөрсетті. Қаржы секторында тәжірибесі зор, сондықтан да Британия үкіметі оны Ұлыбританиядағы жоғарыбілім секторына берілген 2 миллиард фунт стерлингтен астам сомаға кредиттерді секьюритилендірубойынша консультация беру үшін шақырды. Қазіргі уақытта Гэмбл мырза корпоративтік, заңгерлік жәнеқаржылық мәселелер жөніндегі тәуелсіз консультант, оның ішінде бірнеше ДК-де тәуелсіз директор ретіндежұмыс істейді. Ол Africa Credit Opportunities Limited компаниясы ДК-нің мүшесі, сондай-ақ Grata International компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы, жақында Zenith Bank (UK) Limited компаниясының ДК-ден шықты.

 

Филипп Вогелер: корпорациялар, мемлекеттік билік органдары және халықаралық ұйымдар арасындасеріктестік қатынастар құруға маманданған. Ол 10 елде тұрды, 100-ден астам компанияда жұмыс істеді және1-ден 3000-ға дейінгі командаларды басқарды. Фогелер мырза өзінің мансабын Telenor, Bertelsmann жәнеOrange for Deloitte сияқты компанияларға консультация беру арқылы бастады, содан кейін Еуропадағы, Таяу Шығыстағы және Азиядағы Orange және Ooredoo ұялы байланыс операторларына әртүрлі операциялықлауазымдарға ауысты.

2012 жылдың басында ол Vodafone Group-қа қосылды, ол үшін бастапқыда корпоративті дипломат ретіндекеліссөздер жүргізді, содан кейін ірі трансұлттық компаниялармен инвестициялық серіктестіктер; ғаламдықұялы байланыс операторлары; Еуропадағы, Таяу Шығыстағы және Африкадағы мемлекеттік органдар; жәнеBritish сияқты халықаралық ұйымдармен British International Investment, European Investment Bank, World Bank Group, U.S. International Development Finance Corporation,  U.S. Agency for International Development сияқты жобаларда жұмыс істеді.

Соңғы жетістіктерінің арасында: Еуропадағы әртүрлі мәмілелер, Таяу Шығыс пен Африкадағы жаңа ұялыбайланысқа арналған лицензиялар, Испания мен Германияда зерттеу және әзірлеу орталықтарын құрудықолдау үшін айтарлықтай мемлекеттік субсидиялар алу, Vodafone мен World Bank Group арасындағы ең ірімәміле. Қазіргі уақытта ол аздаған компанияларға атқарушы емес директор ретінде консультация береді, магистратурада бизнес-әкімшілендіру бойынша сабақ береді және әртүрлі халықаралық қайырымдылықұйымдарының, соның ішінде Global Citizen-дің жұмысын қолдайды. Қазір жапондық Sumitomo компаниясында жұмыс істейді. 

Қайрат Келімбетов: Қайрат Келімбетов Кембридж университетінде магистр дәрежесін, экономикағылымдарының докторы дәрежесін және Мәскеу Мемлекеттік Университетінде есептеу математикасы жәнекибернетика саласында бакалавр дәрежесін алды. Ол Алматы қаласындағы Ұлттық мемлекеттік басқаруЖоғары мектебінде, Гарвард Кеннеди мектебінде және Джорджтаун университетінің Дипломатиялық қызметмектебінде оқыды. Пекин қаласындағы Цинхуа университетінің құрметті профессоры, сондай-ақ Женевадипломатия және халықаралық қатынастар мектебінің халықаралық қатынастардың құрметті докторы.

Мемлекеттік органдар мен компаниялардағы, сондай-ақ әртүрлі ұйымдардың ДК құрамындағы басшылықлауазымдарда 30 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) бұрынғы басқарушысы. Әр жылдары Стратегиялықжоспарлау және реформалар агенттігін, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, Экономикалық дамужәне сауда министрлігін, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігін, ҚР Президенті әкімшілігінбасқарды.

Басқарма Төрағасы ретінде «Қазына» орнықты даму қорын және «Самұрық-Казына» ұлттық әл-ауқат қорынбасқарды.

 

Freedom Holding Corp. компаниясы жайында

Freedom Holding Corp., қаржылық қызметтер ұсынатын, брокерлік қызметпен, бағалы қағаздармен саудажасаумен, инвестициялық зерттеулермен, инвестициялық консультация берумен, инвестициялық банктікжәне андеррайтингтік қызметтермен, ипотекамен, сақтандырумен айналысатын әртараптандырылғанкомпания болып табылады. Freedom Holding Corp. компаниясының еншілес компанияларын ескере отырып, 6000-нан астам қызметкері бар. Freedom Holding Corp. компаниясының штаб-пәтері Алматы қаласында(Қазақстан) орналасқан, ал оның бөлімшелері мен еншілес компаниялары Қазақстан, АҚШ, Кипр, Польша, Испания, Өзбекстан және Әзірбайжан сияқты 19 елде орналасқан. Freedom Holding Corp. компаниясыныңжай акциялары АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясында тіркелген және Nasdaq Capital Market-те FRHC белгісімен саудаланады. Freedom Holding Corp. компаниясы туралы көбірек білуүшін www.freedomholdingcorp.com сайтына кіріңіз. 

 

БАҚ үшін байланыс деректері: [email protected]

+7 7172 67 77 55 (Қазақстанның қалалық нөмірлерінен қоңырау шалу - тегін халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы)

7555 (Қазақстанның ұялы операторларынан қоңырау шалу тегін) [email protected]

Қазақстан Республикасы, Астана қ.,

Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

Компанияның жұмыс уақыты:

дс-жм 09:00 - 19:00 (Астана қ. уақыты бойынша)

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

Ақпаратты ашу

Лицензиялар

Freedom Finance Global PLC Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

 

S&P Global рейтингтері – «B+/B+», болжамы «Оң».

 

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

 

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!