Freedom Finance Global PLC ITS сауда-саттыққа қолжетімді құралдар тізімін кеңейтуді жалғастыруда
17 қазан 2023, 15:11
Freedom Finance Global барлық клиенттерге Tradernet сауда платформасы арқылы халықаралық алаңында мәмілелер жасасуға мүмкіндік береді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін компания осы жайлы 6 қазандағы жаңалықта хабарлаған болатын: https://ffin.kz/kk/news/30618-freedom-broker-barlyq-klientterge-sauda-sattyqqa-qol-dgetkizu-mumkindigin-beredi
Клиенттер Нью-Йорк NYSE және NASDAQ биржаларында бастапқы листингі бар 1600 танымал америкалық бағалы қағаздарға инвестициялай алады.
Сауда үдерістерінде не өзгереді
Клиенттер қоржынындағы тикерлердің біртіндеп ауысуы: Tradernet құралдарында сауда тикерлері өзгереді. Мысалы, CROX.US тикері ITS.CROX-қа айналады. Бұл бағалы қағаздарды іздеуге ғана әсер етеді - енді .US орнына .ITS тикерлерін іздеу қажет болады.
Құралдарды жаңа алаңға аударудың артықшылықтары
● Кеңейтілген сауда сағаттары: ITS-тегі мәмілелер Астана уақыты бойынша таңғы сағат 11:00-ден түнгі 03:00-ге дейін қолжетімді болады.
● Сауда күндері: дүйсенбіден жұмаға дейін.
● Инвесторлар АҚШ биржалары жабылған күндізгі уақытта америкалық қағаздармен сауда жасай алады.
● Халықтың биржалық сауда-саттыққа қызығушылығы артуы мүмкін.
Бұл ретте әр түрлі құралдар бойынша сауда-саттықтың басталу уақыты өзгеше болуы мүмкін. Оны жерден көбірек білуге болады:
ITS құралдары бойынша сауда-саттық кестесі
АҚШ биржалары жабылған кезде маркет-мейкерлер, ITS сауда-саттыққа қатысушылары және олардың клиенттері құралдардың сапалы бағасын және өтімділігін қамтамасыз етеді.
Америкалық премаркет басталған сәтте ITS-те ең жақсы орындау қағидаты - best execution жұмыс істей бастайды. Инвестор, мысалы, акцияларды сатып алуға өтінім бергенде, сауда жүйесі оны орындау үшін жақсы жағдай (баға мен көлем) іздейді. ITS халықаралық алаңдарда (NYSE, NASDAQ және т.б.) өз шарттары мен қолжетімді өтінімдерді салыстырады. Нәтижесінде өтінім осы сәтте мүмкін болатын ең жақсы шарттар бойынша орындалады.
● Комиссияның төмендеуі: ITS бойынша бағалы қағаздар үшін сауда бұйрығы Freedom Broker клиенттері сауда бұйрығы үшін $1,2 міндетті комиссия төлемейді.
Анықтама үшін
ITS - халықаралық өтімділік хабы. Алаң Қазақстан мен басқа да елдердің инвесторларына жаһандық қаржы нарығының мыңдаған инвестициялық өнімдеріне қол жеткізуге мүмкіндік ұсынады. Сауда-саттықта АҚШ биржаларында бастапқы листингі бар АҚШ, Еуропа және Азия компанияларының акциялары мен депозитарлық қолхаттары ұсынылды.
Алаң бизнес-модельдің арқасында сатылатын бағалы қағаздар бойынша терең өтімділікті қамтамасыз етеді, оның негізінде best execution қағидаты мен smart order routing технологиясы жатыр, ол инвесторларға жаһандық қаржы нарығының ең жақсы бағалары бойынша және кез келген көлемде ITS бағалы қағаздармен мәмілелер жасасуға мүмкіндік береді.
ITS көпжақты сауда платформасымен (Operating a Multilateral Trading Facility, MTF) операция жүргізуге лицензия берген АХҚО реттеуіне және заңнамаға сәйкес құрылған және қызмет атқарады.
Другие новости
12 aқпан 2025, 00:00
Freedom Broker тоқсандық қорытындыларын шығарды
13 қаңтар 2025, 07:40
Мәмілелерді орындау шарттарын жаңарту
31 желтоқсан 2024, 17:05
Компания Регламентін жаңарту
12 желтоқсан 2024, 17:15
S&P агенттігі Freedom Holding Corp. компаниясының төрт еншілес компаниясына ұзақмерзімді рейтингтерін жоғарылатты
20 қараша 2024, 16:03
Өскемен қаласындағы кеңсе жөнделуде
30 қазан 2024, 16:23
Компанияның Регламентін жаңарту
26 қыркүйек 2024, 10:12
Freedom Finance Global халықаралық капитал нарықтарының қауымдастығына кірді
24 қыркүйек 2024, 14:17
Қоғамның Регламентін және Регламентке 3-қосымшаны жаңарту
17 қыркүйек 2024, 01:00
17-18 қыркүйек күндері The First Kazakhstan Economic Freedom High-Level Conference: The International Financial System in a New World конференциясы өтеді.