Комплаенс бақылау

Комплаенс қызметінің негізгі міндеті жоғары комплаенс мәдениетін және этикалық іскерлік нормалардың стандарттарын, сондай-ақ Компанияның жалпы ішкі бақылау жүйесінің бөлігі болып табылатын реттеушілік тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесін құру болып табылады. Жүйе Компания қызметіндегі ықтимал реттеуші және беделді тәуекелдерді азайту, Компания қызметінің ұзақ мерзімді перспективада үздіксіздігін қамтамасыз ету және Компанияға оның клиенттері, контрагенттері және жалпы жұртшылық тарапынан сенімді қолдау мақсатында «Астана» халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі - АХҚО) Актілерін, Компанияның ішкі саясаттары мен құжаттарын қоса алғанда, қолданылатын заңнама талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Осы мақсатта Компанияда комплаенс-бақылау жүйесін іске асыруды қамтамасыз ететін бөлімшелер құрылды, сондай-ақ дербес және тәуелсіз мәртебелері бар Комплаенс-офицер көзделген.

Компания өз қызметінде комплаенс саласындағы, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы үздік жергілікті және халықаралық тәжірибелерге сәйкес болуға тырысады.

КЖ/ТҚК

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл

Компания АХҚО-да тіркелген қаржы ұйымы бола отырып, заңнама талаптарына сәйкес қаржы мониторингі субъектісі болып табылады және өз қызметін жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға (бұдан әрі - КЖ/ТҚК) қарсы іс-қимыл туралы АХҚО талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді.

Компанияда КЖ/ТҚ тәуекелін басқару және КЖ/ТҚК мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру тәртібін регламенттейтін ішкі құжаттар әзірленді және әрекет етеді:

Санкциялық комплаенс

Жаһандық санкциялық шектеулер жағдайында Компания клиенттер, контрагенттер, әріптестер, реттеуші органдар тарапынан жоғары сенім деңгейін қолдау және пайдаланылатын инфрақұрылымды ықтимал санкциялық тәуекелдерден қорғауды қамтамасыз ету үшін санкциялық комплаенс мәселелеріне және қолданылатын санкциялық режимдерді сақтауға ерекше назар аударады. Бұл үшін Компанияда санкциялық режимдердің, қандай да бір операциялардың ерекшеліктерін және клиенттердің/контрагенттердің бейіндерін ескере отырып, тәуекелдерді кешенді бағалау енгізілген.

Санкциялық комплаанс бойынша түйінді шаралар:

Санкциялық тізімдердің мониторингі:

Компания санкцияларға жататын тұлғалармен немесе ұйымдармен ынтымақтастықты болдырмау үшін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің, OFAC (АҚШ), ЕО және Ұлыбритания қарарларының өзекті санкциялық тізімдерін ұдайы қадағалап отырады.

Клиенттер мен контрагенттерді тексеру:

Компания соңғы бенефициарларды санкциялық талаптарға сәйкестендіруді қоса алғанда, барлық клиенттер мен әріптестерді жан-жақты тексеруді жүзеге асырады. Бұл ынтымақтастықтың бастапқы кезеңінде әлеуетті тәуекелдерді анықтауға және болдырмауға мүмкіндік береді.

Тәуекелдерді бағалау және басқару:

Компания клиенттерді анықтау және тәуекелі жоғары операциялар үшін ішкі саясаттар мен рәсімдерді әзірледі, сондай-ақ санкциялық режимдерді сақтау үшін қажет болған жағдайларда ынтымақтастықты шектеу немесе тоқтату жөніндегі шараларды енгізді.

Қызметкерлерді тұрақты оқыту:

Компания қызметкерлері Компанияның барлық деңгейлерінде санкциялық нормалардың сақталуын қамтамасыз ету үшін «қызыл жалаушаларды»анықтауды қоса алғанда, санкциялық реттеудің өзекті мәселелері бойынша оқытудан өтеді.

Комплаенс-процестерді автоматтандыру үшін заманауи технологияларды енгізу:

Компания клиенттік база мен операцияларды автоматты түрде мониторингілеу үшін алдыңғы қатарлы шешімдерді пайдаланады, бұл санкциялық тізімдердегі өзгерістерге жедел ден қоюға және бұзушылықтар ықтималдығын төмендетуге мүмкіндік береді.

Компания халықаралық санкциялық режимдерді сақтаудың маңыздылығын түсінеді және санкциялардан жалтарудың кез келген әрекеттерінің алдын алу және жолын кесу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. Біз санкциялық комплаенс - заңдарды сақтау ғана емес, халықаралық қаржы қоғамдастығы алдындағы жауапкершілік деп есептейміз. Біз іскерлік операцияларымыздағы ашықтықты ұстанамыз және біздің санкциялық комплаенс саясатымыз Компанияның ұзақ мерзімді дамуына және бізге деген сенімді нығайтуға септігін тигізетініне сенімдіміз.

Алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Компанияда алаяқтық пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бойынша шаралар әзірленіп, бақылау рәсімдері жүзеге асырылуда, қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту ұйымдастырылды.

Компания кез келген көріністерде алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік саясатын ұстанады және өз қызметінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:

  • заңдылық
  • ашықтық
  • әдептілік
  • әріптестердің, қызметкерлер мен клиенттердің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау, оларды алаяқтық және сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғау;
  • мүдделер қақтығысына жол бермеу.

Егер Сізге сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттері, қызмет бабын теріс пайдалану, этиканы бұзу жағдайлары туралы белгілі болған жағдайда, электрондық мекенжайына хабарлама жіберуді сұраймыз [email protected]

Нарықты инсайд және айла-шарғы жасау

Компания және оның қызметкерлері нарықта теріс пайдалануды, оның ішінде инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану мен таратуды, нарықты айла-шарғы жасауды білдіруі мүмкін әрекеттерді жасамайтынын және басқа тұлғаларға жәрдемдеспейтінін қамтамасыз ететін бақылау жүйелері мен құралдарын орнатады және қолдайды.

Қолданылатын заңнамаға сәйкес Компания уәкілетті органды нарықтағы теріс пайдаланылған кез келген күдік туралы хабардар етеді.

Компания инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдаланудан және нарықты айла-шарғы жасау мүмкіндігіне жол бермеуден қорғауға бағытталған барлық ақылға қонымды іс-әрекеттерді, оның ішінде:

  • Компанияның инсайдерлік ақпаратына қол жеткізуді бақылайды және шектейді
  • Компания қызметкерлерінің шоттарын сәйкестендіру үшін бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарын пайдаланады
  • Компания клиенттері мәмілелерінің нарықты айла-шарғы жасау мәніне мониторинг

Мүдделер қайшылығы

Мүдделер қақтығысы Компанияның, оның лауазымды тұлғаларының, қызметкерлерінің және клиенттерінің мүдделері өзара сәйкес келмейтін және/немесе лауазымды тұлғаның не Компания қызметкерінің жеке мүдделілігі лауазымдық міндеттерін адал және әділ орындауға ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін жағдай болып табылады.

Компанияда мүдделер қақтығыстарын реттеудің мынадай әдістері пайдаланылады:

  • қызмет көрсету кезінде клиент мүдделерінің Компанияның мүдделерінен басымдығы
  • мүдделер қақтығысының туындауына немесе іске асырылуына әкеп соғатын мәмілені/көрсетілетін қызметті/өнімді өзгерту немесе одан бас тарту
  • жоққа шығарылмаған мүдделер қақтығысы туралы ақпаратты ашу

Data Protection Office

DPO (Data Protection Office) - мынадай талаптарға сәйкес клиенттердің дербес деректерін қорғауға жауап беретін Компанияның бөлімшесі:

  • Дербес деректер және оларды қорғау туралы Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Заңы
  • Астана Халықаралық Қаржы Орталығы (АХҚО)

Жеке деректерді қорғау және өңдеу мәселелері бойынша мына мекенжайға хабарласуға болады [email protected]

Қаржы институттары мен контрагенттерге

Осы бөлімде Компания сауалнамаларының нысандары орналастырылған, олар өзара іс-қимыл процесін жеңілдетуге және нормативтік стандарттардың талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге көмектесе отырып, іскерлік қатынастарды орнату кезінде де, ағымдағы ынтымақтастық шеңберінде де пайдаланылады.

FATCA

CRS

FATCA

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі 2017 жылғы 11 қыркүйекте Халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісімге қол қойды және 2022 жылғы 05 сәуірде күшіне енді. «Шетелдік шоттарға салық салу туралы» АҚШ Заңы (бұдан әрі - FATCA) шеңберінде Компания АҚШ Федералдық салық қызметінің (IRS) сайтында:
FATCA бойынша жіктеме — Reporting Model 1 FFI
GIIN — FDW83C.99999.SL.398

+7 7172 67 77 55 (Қазақстанның қалалық нөмірлерінен қоңырау шалу - тегін халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы)

7555 (Қазақстанның ұялы операторларынан қоңырау шалу тегін) [email protected]

Қазақстан Республикасы, Астана қ.,

Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

Компанияның жұмыс уақыты:

дс-жм 09:00 - 19:00 (Астана қ. уақыты бойынша)

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

Ақпаратты ашу

Лицензиялар

Freedom Finance Global PLC Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

 

S&P Global рейтингтері – «B+/B+», болжамы «Оң».

 

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

 

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!